Жаратылыстану ғылымдары факультетінің Адалдық және аманат тәрбиесі – атты дөңгелек үстелі

2020 жылдың 4 желтоқсанында Жаратылыстану ғылымдары факультеті 9 желтоқсан - халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай  «Адалдық және аманат тәрбиесі» атты дөңгелек үстелін өткізді.

Дөңгелек үстел Әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл Нұғманов Еркебұлан Еркінұлы, жаратылыстану ғылымдары факультет деканының студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары Хұсан Перизат Хұсанқызы, Биотехнология және микробиология кафедрасының доценті Туякбаева Акмарал Усерхановна және бірінші, екінші, жоғарғы 3 курс студенттерінің қатысуымен өтті. Іс-шараға 45 студент қатысып, студенттер тарапынан «Адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім» атты видео, презентациялар көрсетілді. 

Алғашқы сөз кезегі Әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл Нұғманов Еркебұлан Еркінұлына берілді. Еркебұлан Еркінұлы жалпы «Әдеп» жобалық кеңсесінің жұмысымен таныстырып, заң жайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша көптеген ақпараттармен бөлісіп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Студенттер өз тарапынан дайындап келген «Әдеп, морал, мұрат тәрбиесі», «Әділет пен ақиқат тәрбиесі», «Мәңгілік адам болуға баулу» атты тақырыптармен бөлісіп, дөңгелек үстел сұрақ-жауаппен жалғасты.

Шара соңында ситуациялық сұрақтар қойылып, студенттер тарапынан талқыланды. 1 курс студенті Оралғазы Қарлығаш: “Жемқорлық – мемлекеттің мәселесі. Ал мемлекеттің мәселесі оның тұрғындарынан басталады. Сіз еркін, адал елде өмір сүргіңіз келеді ме? Әлде әділетсіздік жайлаған күрең мемлекетте ме? Таңдау сізде!”-деп қорытынды жасап, шараны аяқтады.