Microsoft Teams және Zoom платформасында бейнеконференция

Қорытынды конференция Microsoft Teams және Zoom платформасында бейнеконференция арқылы онлайн режимде өткізілді. Студенттер презентациялары ұсынылды, сондай-ақ емейл бойынша электронды есептер мен күнделіктердің сканерлері алынды.

 Жетекші: б.ғ.д Зандыбай А., бакалавр: Асқатова Н.А.

Ғылыми-зерттеу тәжірбиесі туралы қысқаша мәлімет: Жұмыстың мақсаты – Атырау облысының өндірістік ерекшеліктері бойынша тұрғындар арасындағы аурушаңдық деңгейін зерттеу. Тұрғындар арасындағы тыныс алу жолдары аурулары және қан айналым жүйесінің ауруларымен сырқаттанушылықтың динамикасына баға беру. Өндірістік орындармен аурушаңдықтың арасындағы корреляциялық қатынасын көрсету.

 Жетекші: б.ғ.д Зандыбай А., бакалавр: Муратханов А.Д.

Ғылыми-зерттеу тәжірибесі туралы қысқаша мәлімет: Семей қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласын зерттеу. Қаладағы қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелердің жұмысымен танысу. Қатты қалдықтарды жинау, шығару, утилизациялау деңгейін және соңғы жылдардағы көрсеткіштердің өзгеру динамикасын анықтау. Қаладағы ҚТҚ мәселесін шешудің ең ұтымды жолдарын ұсыну.

111

Жетекші: доцент м.а., PhD Дәрібай А.О., бакалавр: Жүнісова С.Ә.

Ғылыми-зерттеу тәжірбиесі туралы қысқаша мәлімет: Дипломдық жұмыстың мақсаты : Түркістан облысы Отырар ауданының ауыз су мәселесі және оның шешу жолдарын қарастыру. Отырар ауданының  ауыз су сапасының жағдайын бағалау. Ауыз судың микробиологиялық және санитарлық химиялық көрсеткіштерін анықтау. Әлемдік тұрақты дамуға лайықты үлес қосу және қоршаған ортамыздың экологиялық жағдайын тұрақтандыру,ресурстардың жағдайын тұрақтандырудың ұйымдық – экономикалық негізін жасау.  Отырар ауданының ауыз су сапасын жақсартуға арналған  шаралар ұсынылды.

2

 

Жетекші: доцент м.а., PhD Дәрібай А.О., бакалавр: Джаумбаева Н.Қ. 

 Ғылыми-зерттеу тәжірбиесі туралы қысқаша мәлімет: Жайық өзенің өндірістік қалдықтармен ластану мәселесін зерттеу және суды тазартудың тиімді әрі сапалы жолдарын ұсыну. Өндірістік қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін бағалау. Жайық өзенің ластап жатқан өндірістік қалдықтардың жылдық сандық және сапалық көлемін анықтау.  Жайық өзенің ластаушы өндірістік қалдықтардан тазалаудың тез әрі экономикалық жағынан тиімді тәсілдерін ұсыну.

3

Жетекші: доцент м.а., PhD Дәрібай А.О., бакалавр: Нұрлыбекқызы К.

 Ғылыми- зерттеу тәжірибесі туралы қысқаша мәлімет: Дипломдық жұмыстың мақсаты болып Атырау қаласында «ҚазМұнайГаз» АҚ- ның атмосфераға әсерін анықтау. Мұнай өндіру кезінде атмосфера ластануының химиялық компоненттерінің сандық мөлшерін анықтау. Атырау қаласындағы Ботақан кен орны атмосфералық ауасының мұнай әсерінен ластануы қарастырылды және ауа сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар . Мұнай өндірістік және технологиялық процестер кезінде атмосфераға шығарылған ластаушы көздерін есептеу болды.

4

Жетекші:  б.ғ.д., профессор Нурушев М.Ж., бакалавр: Зұлқарнаев М.А.

 Ғылыми-зерттеу тәжірбиесі туралы қысқаша мәлімет: Жұмыстың мақсаты – Батыс Қазақстан облысы аумағындағы  экотуризмнің даму денгейіне баға беру, негізгі экологиялық туризмді алға жылжытуға болатын орындарды айқындау және оның объектілеріне ақпараттық технологияларға енгізу процесін жылдамдату. Батыс Қазақстан облысының экотуризмін дамыту барысында халыққа ақпараттық технологиялар есебінде қолжетімді сервиспен қамтамасыз ету және осы мақсатта дүниежүзілік практикада пайдаланып отырған геоақпараттық жүйелерді қолдану.

5

Жетекші:  б.ғ.д., профессор Нурушев М.Ж., бакалавр: Мелдеқұл Д.Е.

 

Ғылыми-зерттеу тәжірбиесі туралы қысқаша мәлімет: Дипломдық жұмыстың мақсаты: Көгалдану дамымаған бос шатқалды ауданнның экологиялық тірегіне баға беру. Байқоңыр өңірінің экологиялық негізін қалыптастырушы әлеуметтік-табиғи кешендердің тұрақты дамуына жағдай жасайды. Ғылыми зерттеу жұмысының міндеттеріне экологиялық тіректің алғышарттарын зерттеу және қала аумағындағы экологиялық тіректің негізгі элемент ретінде жасыл-желектерді жасақтау.

6 

Жетекші:  б.ғ.д., профессор Нурушев М.Ж., бакалавр: Омирзакова М.Н.

Ғылыми-зерттеу тәжірибесі туралы қысқаша мәлімет :

Зерттеу мақсаты: техникалық сервис көрсету орталықтарын зерттеу арқылы оның қоршаған ортаға әсерін бағалау.Техникалық қызмет көрсету орталықтарына зерттеу жүргізу.

Техсервис орталықтарының қоршаған ортаға әсерін бағалау.Халықаралық тәжірибе бойынша техникалық сервис көрсету орталықтарының экологияға әсерін зерттеу.

 

Техникалық қызмет көрсету әсерінен пайда болған қоршаған орта мәселелерін анықтау.Техникалық қызмет көрсетуде қалдықтарды дұрыс пайдалану әдістері.Техникалық сервис орталықтарының экологияға қауіпсіз шараларын анықтау.

7

Ғылыми жетекші: г.ғ.к., доцент Әділбектегі Г,Ә.,  бакалавр: Кунанбеков Т.К.

 

Ғылыми-зерттеу тәжірибесі туралы қысқаша мәлімет: іс-шара барысында пайдаланылатын ресурстар мен қызмет аспектілеріне жалпы шолу жасау. Іс-шаралар мен конференциялар кезінде атмосфераға, жалпы қоршаған ортаға әсерін бағалау. Тұтынылған энергияны, суды, тамақ өнімдерін есептеу, іс-шара барысында пайда болатын қалдық мөлшерін есептеу. Жасыл жиналыстарды қабылдауға жағымды әлеуметтік әсер ету және әр түрлі іс-шаралар мен конференцияларды ұйымдастыруды кейінірек қолдануға болатын ұсынымдар жасау болды.

8   9

Ғылыми жетекші: г.ғ.к., доцент Әділбектегі Г,Ә.,  бакалавр: Кенжегалиева Д.Н.

Ғылыми-зерттеу тәжірбиесі туралы қысқаша мәлімет: Жұмыстың мақсаты - Нұр Сұлтан қаласындағы ауыз судың сапасының жалпы санитарлық нормаларға сәйкестігін анықтау және анықтау, сонымен қатар әртүрлі көздер нәтижелеріне салыстырмалы талдау жүргізу. Нұр-Сұлтан қаласындағы әртүрлі су көздерінен алынған санитарлық-биологиялық көрсеткіштерге сәйкес ауыз судың сапасын анықтау үшін зертханалық зерттеулер жүргізу. Ауыз суға патогендік микроорганизмдердің бар-жоғын зерттеу барысында алынған нәтижелерді талдау. Ауыз судың сапасын жақсарту үшін алынған мәліметтер негізінде ұсыныстар әзірлеу.

 

Жетекші: б.ғ.к., доцент Нұрғалиева З.Ж., бакалавр: Байлинова Т.А.

Ғылыми-зерттеу тәжірбиесі туралы қысқаша мәлімет: Ерейментау қаласы ауыз суының минералдық құрамындағы кальций, магний, темір (ІІІ), сульфаттар мен нитриттер концентрациясын лабораторияда анықтау.

 

Ауыз судың органолептикалық көрсеткіштерін сипаттап, қала тұрғындарында басым кездесетін аурулар мен зерттелген элементтер арасындағы байланысты қарастыру.Ауыз суды жақсарту шараларын ұсыну болатын.

 

10

Жетекші: б.ғ.к., доцент Нұрғалиева З.Ж., бакалавр: Джантемирова Г.Е.

Ғылыми-зерттеу тәжіриебесі туралы қвсқаша мәлімет: Жұмыстың мақсаты - Бетон зауытынан шыққан ластаушы шығарындыларды барынша азайтып, экология мен экономикалық шығындарды төмендету. Бетон өндірісінен атмосфералық ауаға ластаушы заттарды бөлу және шығару

 

көздерін талдау. Бетон зауытының атмосфералық ауаға шағырылған зиянды заттардың көрсеткіштерін анықтау. Атмосфералық ауаны жақсарту жолындағы іс-шараларды ұсыну. Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны ретінде Нұр-Сұлтан қаласындағы асфальт-бетон зауыты зерттелінді. Аталған жұмыс бетон зауытында шығарындыларды төмендету іс-шаралар барысында, тәжіриебеде қолданыла алады.

12

Жетекші: б.ғ.к., доцент Нұрғалиева З.Ж., бакалавр: Мырзалы З.Н.

Ғылыми-зерттеу тәжірибесі туралы қысқаша мәлімет:

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы қалаларның ауасының ластану  деңгейіне салыстырмалы баға беру, еліміздің аумағындағы атмосфераның ластану деңгейін салыстырмалы анықтау. 2015-2019 жж. аралығындағы ластаушы заттар шығарындылар динамикасын салыстырмалы анықтау.Атмосфералық ауа деңгейін салыстырмалы бағалау.Атмосфералық  ауа ластаушыларының көрсеткіштерін көрсету.Атмосфералық ауаға зиянды заттардың шығарындыларын азайту жөніндегі жақсарту жолдарын ұсыну болатын.

 

Жетекшісі: б.ғ.к., доцент Нұрғалиева З.Ж., бакалавр: Русланова М.А.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы ақбөкендердің саны мен олардың санына әсер ететін факторларды зерттеу, ақбөкендердің экологиялық жағдайы және оны қорғау жолдарын анықтау. Ақбөкен тұқымына қазіргі жағдайдың әсер ететін факторларын талдау және анықтау. Қазақстанда ақбөкенді өсіру және қорғау бойынша көпжылдық тәжірибенің нәтижелері мен ұсыныстарын қарастыру.

 

Жетекші: доцент б.ғ.к., Нургалиева З.Ж., бакалавр: Урманова Г.Н. 

Ғылыми-зерттеу тәжірбиесі туралы қысқаша мәлімет: Жұмыстың мақсаты –  Мақтаарал ауданы елімізде халық ең тығыз орналасқан өңірлердің бірі болғандықтан, халықтың сапалы ауыз сумен толықтай қамтылуы маңызды болып саналады. Мақтаарал ауданының ауыз суының жалпы санитарлық нормаларға сай келетіндігін, ауыз сумен қамтамасыз етілуін анықтау. Аудан  суының гидрологиясын, ауыз суының гидрохимиялық көрсеткіштерін зерттеу.

 

Жетекші: доцент б.ғ.к., Нургалиева З.Ж., бакалавр: Тынышбек Н.Б. 

Ғылыми-зерттеу тәжірбиесі туралы қысқаша мәлімет: Нұр-Сұлтан қаласындағы қатты қалдықтармен байланысты мәселелерді шешудің жақсы әдістері мен жолдарын анықтау және  бұл жұмысты Нұр-Сұлтан қаласындағы қатты қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу саласында қолдануға болады

13

Жетекші: доцент б.ғ.к., Тусупова Ж.Б., бакалавр: Дүйсенбай Б.Б. 

 

Ғылыми-зерттеу тәжірибесі туралы қысқаша мәлімет: «Локомотив Құрастыру зауыты» АҚ-ның шекті рұқсат рұқсат етілген шығарындылар жобасын жасау. Кәсіпорынға, оның функционалды әрекетіне шолу. «Локомотив Құрастыру зауыты» АҚ-ның ластаушы көздерін анықтау. Атмосфераға бөлінетін ластаушы заттар шығарындыларының аталған кәсіпорын үшін көлемін анықтау. Қоршаға ортаға шығарылған эмиссиялардың залалдық есебін анықтау болатын.

14

Жетекші: б.ғ.д., профессор Хантурин М.Р., бакалавр: Хабиболла А.Н.   

 

Ғылыми-зерттеу тәжіриесі туралы қысқаш мәлімет:Жұмыстың мақсаты: Соңғы онжылдықтар су объектілері мен су ағындарына антропогендік қысымның күрт жоғарылауымен сипатталды. Этрофикалық су объектілері 20 ғасырдың ортасында басталды. Оған негізінен су экожүйелерінің антропогендік ластануы, оның ішінде ағынды сулар бар қоректік заттардың төгілуі себеп болды. Сондықтан біздің басты мақсатымыз су объектілерін нитриттер мен фосфаттардан тазарту үшін пайдалануға болатын перспективті су өсімдіктерін анықтау.

15

Қорытынды: 6В060800- «Экология» 4 курс бакалавриаттың зерттеу тәжірибесі бойынша қорытынды конференция болып есептелсін. Электрондық есептері қабылданып, Platonus жүйесіне баға қойылсын.