Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі

30.03.2018 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» шарасы өтті. Жаратылыстану ғылымдары факультеті аталған шараға белсенді қатысты. Факультеттің жұмыс берушілері бітіруші түлектермен әңгімелесіп, оқу барысында меңгерген практикалық дағдыларына қызығушылық танытып, өз мекемелеріндегі бос жұмыс орындарымен таныстырды. Шараға РМК «Казгидромет», Республикалық «Kazbilim» орталығы, ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығы,  Халықаралық су инициативасы орталығы,  Астана қаласының табиғат ресурстары және табиғатты пайдалану басқармасы қатысты.