5В060800-Экология мамандығының кәсіптік практикасы

 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 5В060800-Экология мамандығының 3 курс студенттерінің 28.05.2020-30.06.2020 аралығында өткен кәсіптік практикасы аяқталды. 01.07.2020 күні Эг-31 топ ZOOM платформасында практика есебін қорғады. Студенттердің күнделіктері тексерілді, есептері тыңдалды, презентациялары қорғалды. Практика есебінің қорытындысы бойынша кәсіптік практика студенттерімізге "Эколог" мамандығына машықтануға үлкен мүмкіндік бергендігін байқадық.

Кәсіби практиканың мақсаты кәсіби пәндер циклінде алған білімдерін өнеркәсіп саласында жүйелі түрде қолданып, кеңейтіп, бекіту, мамандармен тәжірибе алмасу, практикалық біліктіліктерін дамытып, қалыптастыру. Аталмыш мақсатқа жету жолында кәсіптік практиканы ұйымдастыруға үлес қосқан еліміздің бірқатар өндіріс орындары мен мекемелеріндегі әріптестерімізге алғысымыз шексіз. Атап айтатын болсақ: ЖШС "Экосервис-С", ЖШС "Экоаналит", ЖШС "Казэкоэксперт", Шымкент қаласы бойынша экология департаменті, Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Қарағанды металлконструкция зауыты-Имсталькон», Жанкелді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы т.б.